СҚО-да өрттен жалғызбасты әке балаларымен бірге қайтыс болды

Бүгiн, 12:10 722

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 23 қаңтарға қараған күні Шал ақын ауданы Ступинка ауылында болған. Дереккөздерге сүйенсек мұнда бес баласы бар жалғызбасты әке тұрған.

Түнде 112 пультке Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру барысында  4 адамның денесі табылды, олардың жеке басы анықталып жатырі. Бір отбасы мүшесін іздеу жалғасуда, - деді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Ауыл әкімінің айтуынша, балалардың анасы бірнеше жыл бұрын көз жұмған. Бұл үйде жалғызбасты әке бес баламен бірге тұрған. Балалардың кенжесі 2 сыныпта оқыған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: