СҚО-да өртенген үйден ер адам ес-түссіз ауруханаға жеткізілді

27 Сәуір, 00:02 564

СҚО-да тұрғын үйде өрт шығып, ер адам ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, оқиға 27 сәуірде Петропавл қаласындағы жеке тұрғын үйде болған. Өрт алаңы - 16 шаршы метр.

ТЖД күшімен ер адам үйден ес-түссіз күйде эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді. Үйден 3 газ баллоны шығарылды.

Қызыл жалын сағат 23.43-те сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

Зарина Арман
Бөлісу: