СҚО-да оқыстан шыққан өрттен 9 үй жанып кетті

8 Мамыр 2023, 10:14 1063

Петропавлда өрт сөндірушілер қатты желдің салдарынан «Береке» ықшамауданындағы өрттен 9 үй жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының және Петропавл қаласының әкімі, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнына келіп, арнайы штаб құрылды.

«Сағат 19.00 шамасында «Береке» шағын ауданында қамыс өртеніп жатқаны жайында хабар түсті. Екпіні 15-20 м/с жететін қатты желдің салдарынан әрі күн ыстық болғандықтан өрт өте тығыз орналасқан жеке тұрғын үй секторына тез жайылды. Сол уақытта Петропавлда төрт жерден өрт шығып, біздің жұмысты қиындата түсті. Онда да қураған шөп жанды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, бірақ толық ауыздықталған жоқ. Өйткені жел басылмай тұр. Әзірге шығын мөлшері туралы айтуға ерте. Осы уақытта 7 тұрғын үй және екі, біздің болжам бойынша, бос тұрған үй жанып кетті. Зардап шеккен адам бар. Қала тұрғыны қалалық ауруханаға қаралды. Өртті сөндіріп жатырмыз», - деді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.
Асқар Таудай
Бөлісу: