СҚО-да ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

18 Маусым, 13:38 465

СҚО-да алауыздық тудырды деген күдікпен ұсталған ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізу барысында Есіл ауданының тұрғынынан діни алауыздықты тудыратын блегілері бар материал анықталды. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу әрекеттері барысында мән-жайды анықтау үшін аудан орталығының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары тексеру мақсатымен ер адамнан iPhone14 телефонын беруді сұрады. Бірақ жергілікті тұрғын олардың заңды талабын елемей, құрылғыны сындырмақ болды. Полицейлер оның әрекетін тоқтатқанмен, ер адам қызметкерлердің бірін ұрып жіберді.

СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиевтің мәліметінше, күдікті ұсталды.

Оған қатысты алауыздықты қоздыру және билік өкіліне күш көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Денсаулыққа келтірілген зиянның дәрежесін сараптама көрсетеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: