Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.