Ақмола облысында жолдың жабылуына байланысты 11 қазанда сағат 19:30-дан бастап Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы бірқатар жол учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мекемесіндегілер ақпарат таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік қозғалысына шектеу қойылатын жол бөліктері:
- А-1 "Астана - Петропавл" жолының 341-367 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Келлеровка ауылына дейін);
- А-13 "Көкшетау - Омбы" жолының 50-54 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Тайыншы ауданы Чкалово ауылына дейін);
- Р-11 "Көкшетау - Рузаевка" жолының 61-91 шақырымы (Ақмола облысының шекарасынан Айыртау ауданы Саумалкөл ауылына дейін).