СҚО-да ер адам аюға тамақ беремін деп қолынан айырылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға облыстағы демалыс аймағының біріндегі хайуанаттар бағында болған.
Оқи отырыңыз:
Зардап шеккен азамат жедел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның сол қолын сақтап қала алмады. Қазір болған жайтқа қатысты құзырлы орган өкілдері тергеу жүргізіп жатыр.
Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 1569-бабының 52-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге анықталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процесстік шешім қабылданатын болады, – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.
Айта кетейік, 43 жастағы хайуанаттар бағы қызметкері бар болғаны 1 айдан астам уақыт бұрын ғана сынақ мерзімі бойынша жұмысқа қабылданған.