СҚО-да ауылға бір топ қабан кіріп кетті

6 Ақпан, 06:29 771

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Балуан ауылына бір топ қабан кірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Жабайы жануарларды ұялы телефонға түсіріп алған тұрғындар, бейнежазбамен әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. Түз жануарлардың елді мекендерге көптеп кіруін мамандар түсіндірді. 

Еліктердің елді мекендерге кіруі біздің өңір үшін айтарлықтай ерекше жайт емес. Ресейдің Омбы, Қорған облыстарында да жабайы жануарлардың көшеге жүруі көптеп кездеседі. Ақмола облысында да осыған ұқсас жағдай. Бұл — қолайсыз ауа райына байланысты. Солтүстік өңірлерде қар жамылғысы қалыңдасымен-ақ, кей жылдары қыста жаңбыр жауады, тұяқты жануарларға өздігінен қорек табу қиындық әкеледі. Сондықтан еліктер азық іздеп кетеді. Ресейдің еліктері мұндайда бізге ауады. Ал жолда елді мекендерге де кіреді. Біздің қызметтер биылғы қыста тек Петропавлдан ғана 20-дан астам елікті ұстап, өмір сүретін табиғи ортасына жіберді, - дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім жетекшісі Олег Беспалов. 

Маманның айтуынша, жағдай бақылауда. Жалпы облыс аумағында бірнеше аңшылық шаруашылық бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: