СҚО-да ауылдағы жазғы ас үй өртенді

10 Тамыз, 09:27 472

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Социал ауылында жазғы ас үйде өрт шықты. Қызыл жалын  шаруашылық құрылыс ғимаратын да шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді. Қызыл жалын аумағы - 150 шаршы метр. 

6-ӨСБ қарауыл бастығы Шерхан Сағындықов жалын шыққан ас үйден 2 газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шыққан. Зардап шеккендер жоқ. 

Өрт шығуының алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: