СҚО-да 49 отбасы қоныс тойын тойлады

13 Шілде, 12:43 810

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен қызылжарлықтар жаңа үйлерге қоныстанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Петропавл қаласындағы «Бірлік» шағын ауданы жаңа тұрғындармен толықты.

Бүгін 49 отбасы жаңа үйлердің иесі атанды. Осылай су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үшін 200 жаңа тұрғын үй салынып, кілттері табыс етілді. Жоспарланған 700 үйдің 500-інде құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде, бұл үйлер қыркүйек айына дейін аяқталады, - делінген мәліметте.

Ведомство су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйлердің құрылысына 1,5 мың құрылысшы жұмылдырылғанын еске салды.

Сонымен қатар зардап шеккен өңір тұрғындарына екінші нарықтан 621 баспана сатып алынды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында барлығы 3 993 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

- 700 үй салу - 200 аяқталды;

- 1329 үй сатып алу - 621 сатып алынды;

- 1964 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 949 аяқталды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: