Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл облыста 4,5 миллион гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Әртараптандыру аясында әлеуметтік маңызы бар дақыл – қарақұмық алқабы 26 мың гектарға дейін ұлғайтылады.
Көктемгі дала жұмыстарына 53 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. .
Кеңес кезінде егіс науқаны оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізілуі керектігі айтылды. Облыс әкімі тұқымдарды тексеру, минералды тыңайтқыштарды сатып алуға келісім-шарттар жасау, дизель отынын уақтылы жөнелту және жеткізу мәселесін ерекше бақылауға алу және техниканың 100 пайыз дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды дер кезінде жүргізуді тапсырды.