СҚО-да 2 баланың анасы есірткі сатқаны үшін сотталды

21 Қаңтар, 18:35 723

Солтүстік Қазақстанда есірткі сатты деген айыппен 2 баланың анасына сот үкімі шықты. Сотталушының кенжесі небәрі 3 айлық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, алқа билер «Telegram» мессенджері арқылы синтетикалық есірткі сату бойынша мемлекеттік айыптау ұсынған дәлелдемелерді толығымен назарға алған. Айыпталушының жасына және 2 кішкентай баласының болуына қарамастан оған Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ал 3 жасар ұлы және 3 айлық қызы қамқоршылық органдарына берілді.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: