СҚО-да 100 мыңнан астам адамды етпен қамтитын құс фабрикасы ашылды

18 Қараша 2022, 02:35 1692

Құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс етін өндіреді

Солтүстік Қазақстан облысында заманауи құс фабрикасы ашылды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап. 

Құс фабрикасы жылына 5 мың тонна құс етін өндіреді. Заманауи еуропалық жабдықтар орнатылған фабрикаға 7,2 млрд теңге инвестиция салынған. Мемлекет есебінен инфрақұрылым енгізілген.

Біз тамақтану өнімдерінің өндірісін ұлғайтып, сұрыпталымды көбейтуіміз керек. Мәселен, тұтынып отырған көлемнен төрт есе көп жұмыртқа өндіреміз. Құс етін де өндіреміз. Жыл басынан бері облыста бір бройлерлік құс фабрикасы болатын. Өңірде үш құс фабрикасын іске қосу арқылы енді 16 мың тонна құс етін өндіруге қауқарымыз бар. Облыстың қажеттілігі – 8,5 мың тонна. Демек, халықтың сұранысын толықтай жаба аламыз, - деп жазды өңір басшысы. 

Жақында ашылған құс фабрикасы жылына 100 мыңнан астам адамды құс етімен қамтамасыз етеді.

EL.KZ
Бөлісу: