Спорттағы қаржының бәрін енді ҰОК бақылай ма?

28 Ақпан, 12:01 1060

Еліміздің танымал спорт комментаторы Сергей Райлян жақында ғана Ұлттық олимпиадалық комитет төрағасы болған боксшы Геннадий Головкиннің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Головкин үшін алғашқы әкімшілік қызмет.

Қаңтар оқиғаларынан соң Ұлттық олимпиадалық комитет қаржы көзінен ажыратылды, шамасы бұл уақытша болған тәрізді. Қазір Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы басшыларының қатысуымен жемқорлық фактілеріне қатысты дау ушығып тұр. Кулуарда мұның бәрі Спорт министрлігінің құлдырап, ҰОК-тің қайта қанат жаюына себеп болуы мүмкін деген әңгіме айтылуда. Сондықтан Головкиннің қаржысы мол қызметке келіп жатқанын жоққа шығаруға болмайды, - деді Райлян.

Айта кетейік, Спорт комитетінің бұрынғы басшысы Самат Ерғалиев қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысы өтіп, ҰОК төрағасы болып Геннадий Головкин сайланды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: