Спортта жыл үздіктері анықталды (ФОТО)

5 Ақпан 2015, 03:56

Астанадағы Ұлттық музейде «Жыл спортшысы 2014» жеңімаздарын марапаттау рәсімі өтті. 2014 жылғы спорт саласында жоғары жетістікке жеткендер құрметке ие болды.

Астанадағы Ұлттық музейде «Жыл спортшысы 2014» жеңімаздарын марапаттау рәсімі өтті. 2014 жылғы спорт саласында жоғары жетістікке жеткендер құрметке ие болды.

2014  қазақ спорты үшін табысты болды. Ауқымды жарыстардан үлкен жүлделер келді. Азия ойындары, Әлем чемпионаты (түрлі спорт түрлері бойынша, соның ішінде Алматы қаласында тұңғыш рет өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты), жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары, қазақ күресінен өткен "Қазақстан Барысы", "Әлем Барысы", "Еуразия Барысы" сынды үлкен додадар.Сол жарыстарда жүлде салған спортшыларды Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы марапаттады.

«Жыл спортшысы 2014» жеңімпаздары: Илья Ильин, Геннадий Головкин, Зульфия Чиншанло, Денис Тен, Жасұлан Қыдырбаев, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин, Назым Қызайбай, Зарина Диас, Айбек Нұғымаров.

Осы спортшыларды дайындаған бапкерлер жылдың үздік жаттықтырушылары атанды.

Жылдың үздік бапкерлері: Т. Бектемиров, Д. Әдіғазин, М. Елеусінов, В. Ни, А. Казаков, С. Қоржыкенов, Ж. Омурзақов, Ф. Кэролл.
Жылдың үздік федерациялары: Қазақстан бокс федерациясы, Су спорт түрлері федерациясы, Ауыр атлетика федерациясы, Қайық есу федерациясы, Коньки тебушілер ұлттық федерациясы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.

Жылдың үздік спорттық ұйымдары: ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы, республикалық Қ. Мұнайтпасов атындағы олимпиадалық резерв интернат-колледжі.

Жылдың үздік меценаты: ЖШС «Раисовское» – В. Коваленко директоры (Солтүстік Қазақстан), ЖШС «Оздоровительный центр ПОШ» директоры А. Мамырбаев (Ақтөбе), ЖШС БИІК директоры – Б. Әбдубаитов (ОҚО), ЖШС «ИПК ZHERSU» директоры – Б. Оспанов (Алматы).

Спортқа еңбегі сіңген басшылар: Ә. Жақсыбеков (футбол федерациясы), Ж. Түсіпбеков (ауыр атлетика).

Үздік облыстағы спорт басқармалары: Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.

Үздік аудандық спорт басқармасы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

Үздік ауылдағы спорттық-әдіскері: Қостанай облысы, Қарасу ауданының тұрғыны.

Жылдың үздік командасы: Допты хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы.

Бұдан бөлек көптеген спортшылар мен жаттықтырушыларға, спорт басшыларына, облыстық, аудандық басқармаларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Сондай-ақ осы спортшылардың жетістігін халыққа жеткізіп жүрген журналистерге дәстүрлі Сейдахмет Бердіқұлов сыйлық тапсырылды. Жылдың үздік спорт журналистеріне диплом, қаржылай сыйлық берілді.


Әзірлеген: Досжан Мейірбек. 

Фотолардың авторы: Бауыржан Жуасбаев, альбом қарау үшін мында өтіңіз...

Бөлісу: