18 Желтоқсан 2014, 12:29
Оқырман назарына 2014 жылдың қазақ спорты үшін қалай аяқталғандығы туралы қысқаша тоқталып өтсек. Жылқы жылы қазақ спорты үшін өте нәтижелі аяқталды. Үздік бес жетістікті назарларыңызға саламыз.
Сочиде өткен ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарынан қола жүлде алған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жетістігі алтынмен пара пар. Сондықтан жыл Жақында Денис Тен ел қоржынына тағы да жүлде салды. Хорватияның Загреб қаласында өткен "Golden Spin" халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.
Кәсіпқой бокста орташа салмақта дес бермей жүрген боксшымыз Геннадий Головкин биыл тағы да жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Бұған дейін WBC, WBА тұжырымы бойынша үздік шыққан Геннадий Головкинге (WBC) Әлемдік бокс кеңесінің уақытша чемпионы титулы да қосылды. 2014 жылдың 19 қазанында Геннадий Головкин АҚШ-тың Карсон қаласында мексикалық Марко Антонио Рубиомен жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
XVII жазғы Азия ойындарын қорытындылап жіберсек. 28 алтын, 23 күміс, 33 қола жүлде алып (жиынтығы 84 медаль), командалық есепте төртінші орын иелендік. Бұрын-соңды жазғы Азия ойындарынан Қазақстан ұлттық құрамасы мұншалықты алтын жүлде жинамаған еді.
Қазақстандық спортшылар өздері қатысқан спорт түрлерінің басым көпшілігінен жұлдегер атанды. Бокстан алты спортшы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
2014 жылы Алматы қаласы тұңғыш рет ауыр атлетикадан Әлем чемпионатын өткізді. Әлемнің 76 елінен 683 зілтеміршісі қатысты. Бұл жарыста Қазақстаннан үш спортшы чемпион атанып, екі атлет күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (58 кг) үздік шықса, ерлер арасында Жасұлан Қыдырбаев (94 кг) және Илья Ильин (105 кг) алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Жазира Жаппарқұл (69 кг) және ерлер бәсекесінде Владимир Седов (94 кг) күміс жүлде иеленді.
Жасұлан Қыдырбаев – ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.
Ал, Илья Ильин – төрт дүркін әлем чемпионы атағына ие болған алғашқы қазақстандық спортшы. Ол осыған дейін 2007, 2009 және 2011 жылдары әлем чемпионаттарында жеңіске жеткен.
Әзірлеген: Досжан Мейірбек.