Спорт

25 Маусым 2023, 16:16 1164

Бүгін  бұқаралық спортты насихаттау мақсатында «Жасыл белдеу» саябағында велосипедшілерге арналған жарыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 қашықтықты бағындырып, Үркер елді мекеніне барар жолдағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетті. Жарысқа велосипеді бар кез-келген жастағы әуесқой спортшылар қатысты.

Іс-шараның ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің комитет төрағасы Жан Галиев қатысты.

Баршаңызды Астананың  25 жылдығымен құттықтаймын. Осы орайда керемет ауа райында ұйымдастырылған велошеру сіздерге керемет көңіл-күй сыйлады деп ойлаймын. Аталмыш бәсеке жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Өзім де екінші мәрте қатысып жатырмын. Алдағы уақытта тек қана велоспорт қана емес, жүзу, жүгіру т.б бұқаралық спортты үгіттейтін мерекелер көп болады сенемін. Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! - деді, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев.

Дода сағат 9:00-де басталып, алғашқы жеңімпаздар мәреге 35 минутта жетті. Бүгінгі шараның ерекшелігі – мәреге жеткендердің барлығына жеңімпаз ретінде медаль берілді. Ал 1, 2, 3 орындар анықталмады. Бұл шараға жақында ғана Францияда өткен бүкіләлемдік VIRTUS ойындарында велоспорттан 4 күміс жүлде алған Дастан Ордабай мен 500-ден астам қала тұрғындары қатысты.

Асқар Таудай
Бөлісу: