Спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған

20 Ақпан, 13:23 392

Ақтөбе облысында екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденген.

Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған.  Аталған фактілер бойынша прокуратура екі қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді, - делінген мәліметте.

Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: