Спорт күніне орай 250-ден астам спортшылар мен сала ардагерлері марапатталды

18 Тамыз 2023, 20:15 3969
Бүгін Астанада спорт күніне орайластырылып салтанатты жиын өтті. Елімізде тамыздың үшінші жексенбісінде спорт күні тойланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында салаға елеулі үлес қосқан спорт қызметкерлері мен ардагерлеріне ҚР Премьер-министрінің құрмет грамотасы және ведомстволық төсбелгі берілді. Марапаттарды Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов табыстады.

Олардың арасында белгілі спорт ардагерлерлері Елсияр Қанағатов, Анатолий Құлназаров, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, әлем чемпионы Мерей Ақшалов бар. 

Қазір спортқа барынша көңіл бөліп жатырмыз. Спортты дамытуға қатысты жетіжылдық жоспар қабылданды. Қаржыландыру мәселесі шешілді. Қалаларымызда, ауылдарда спортқа басты назар аударып жатырмыз. Біздің спортшыларымыздың әлеуеті өте зор. Отыз жылдың ішінде біраз Олимпиада, әлем чемпиондары шықты. Жаңа мүмкіндік, серпіліс берсек, қолдау білдерсек, Азия, Олимпиада ойындарында біздің спортшыларымыз ел намысын абыройлы қорғайтынына еш күмәніміз жоқ. Бір маңызды дүние – біз спортшыларымызды тек жеңген кезде ғана емес, жеңілгенгенде де қолдауымыз керек, - деді ол.
Министр осы жиынның маңызына тоқталды.

Бүгін біз спорт ардагерлерін, майталмандарын, журналистерін шақырып, оларға құрмет көрсетіп жатырмыз. Министрлік тарапынан үш түрлі төсбелгі табыстадық. Марапат иелерінің арасында өңір-өңірден келген спорт саласына үлес қосып жүргендер бар. 250-ден астам спорт саласының өкілдері марапатталды, - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ Оралов Азия ойындарына дайындық туралы да сөз етті.

Азия ойындары қыркүйектің 3-інде Қытайда Гуанчжоу қаласында басталады. Біздің спортшыларымыз 35 спорт түрінен қатысатын болады. Оның ішінде 29-ы Олимпиада ойындары тізіміне енген спорт түрлері. Азиядада сәтті өнер көрсету үшін спортшыларымызға, бапкерлерімізге арнайы жағдай жасалып жатыр. Келесі жылы Олимпиада ойындары болады. Байрақты бәсекеге қатысу үшін Азия ойындарында лицензия алуымыз керек, - деді Асхат Раздықұлы.
Министр нақты кімдер ел намысын қорғайтыны алдағы аптада белгілі болатынын айтты.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: