Спорт академиясы алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретіп жатыр

26 Мамыр, 18:44 648

Астана қаласындағы Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы RITA гранттық бағдарламасы аясында дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша қоғамға жаппай білім беру курстарын ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жоба «Еуропалық құтқару және қауіпсіздік орталығы» қауымдастығымен, Быдгощ қаласындағы Дене шынықтыру және спорт институтымен (Польша), WOPR (Польшалық суда құтқару орталығы) және Польшаның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп жүзеге асырылуда. 
 
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша 1000-нан астам қатысушыларды Еуропалық реанимация кеңесінің нұсқаушылары (ERC) оқытып жатыр. Қатысушыларға халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттар табысталады: BLS/AED providerжәне RITA certificate.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: