Спин-доктор

15 Қазан 2015, 06:53

ақпаратгық кеңістікті басқару технологиясы

Спин-доктор дегеніміз – ақпартты емдеу, яғни, саясатты болсын, бизнестегі болсын, жеке тұлға мәселесі туралы болсын, кез-келген саладағы жағымсыз ақпарттардың күшін әлсіретуге бағытталып жүргізілетін ақпарттар ағымы. Ақпарат – жұқпалы. Ол аса жылдамдықпен таралып, шамалы уақыттың ішінде, кез келген офистерге кіріп барып, өзінің бүлдіргіш немесе жақсартқыш энергетикасымен кез келген жағдайды өзгеріске ұшырата алады. Жағымды ақпарат болса кім-кімге де жақсы. Ал ақпарат жағымсыз болса ше? Бизнесті аман-есен алып қалу үшін, саясаттағы белілі бір ұстанымды сақтап қалу үшін немесе шешімді іске асыру үшін бүлдіргіш, жағымсыз ақпаратты тез арада «емдеу» қажеттілігі туындайды, ақпаратты жағымды ету. Ал ақпартты емдеуші «дәрігерлер»-пиаршылар.

Осындай мақсатта өмірге келген спин-диктордың (spin – ағылшын тілінен аударғанда «айналдыру», «дөңгелектеу» деген мағынаны береді) міндеті ақпараттарды тек жағымды жағынан жеткізіп, жағымды дәлел-деректер арқылы бұқараның сенімін қайтадан орнықтыру.

Ақпараттағы менеджменттің мұндай түрі әртүрлі саяси-әлеуметтік дағдарыстар кезінде өте маңызды. Мысалы, АҚШ президенті Билл Клинтонның Моника Левинскаямен арадағы романы бұқаралақ ақпарат құралдарының бетіне шығып кеткен кеде, Клинтон Ирактағы атом бомбасының сынақ нүктесі орналасуы мүмкін делінген «күдікті нысандарды» бомбалауға бұйрық берді. Бұл ақпарат сарапшылары тарапынан «жұртшылықтың назарын басқа жаққа аудару үшін Клинтонның өз пиаршыларының айтуымен жасаған әрекеті» деп бағаланады.                                                                                                 Қытай стратегиясында айтылған «Шығыста айқай-шу көтерде, Батысты барып басып ал» деген сөз бар. Спин-доктордың қызметіне дәл осы сөз де анықтама бола алады. Яғни, жұрттың назары басқа нәрсеге ауып кеткенде, сен өзіңе жағымды жағдайда қалыптастырып ал деген мағынаны береді. Б.Клинтонның жағдайында, ол Ирактағы «қауіптің» «дер кезінде» көзін жойып, Америка халқын немесе әлем халқын немесе «атом соғысынан» сақтап қалған болып шықты да, өз елінің алдында шатаяқтап кеткен беделін қалпына келтіргендей болды.

Зерттеуші Д.Уотс спин-доктор жұмысының негізгі екі бағытын көрсетеді:

Қоғамдағы ақпараттық ахуалдың мазмұны мен түр-сипаты белгілі бір уақыт аралығында ақпарат көздері жүргізген жұмыстың нәтижесі болып табылады. Ал ақпараттық сәйкессіздік туындаған жағдайда мұның өзі қоғамдағы әртүрлі топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдаланатын құралына айналып кетуі де ғажап емес. Осы кезеңде спин-доктордың жұмысы маңызды болады. Ол жұртшылықтың әртүрлі көзқарасын бір арнаға қарай, жағымды реңкке келтіріп бұру үшін жұмыс істей бастайды.

Қандай да бір шешімнің немесе оқиғаның жұртшылық тарапынан бірден қолдау тауып кетуін қамтамасыз ету үшін алдын ала жүргізілетін медиа-әрекеттің маңызы зор. Спин-доктор жұртшылықтың мүддесіне ыңғайлай немесе жұртшылықтың мүддесіне ыңғайлай немесе жұртшылықтың осыған мүдделі болуын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дұрыс иірімге келтірген жағдайда, оқиға болғаннан кейін жұртшылық оны оң көзқараста қабылдайды.

Спиндік ақпараттың белсенді болуын белгілі бір уақыт аралығына дейін қамтамасыз ету үшін, басқа ақпараттардың спин-доктордың алдын-ала жүргізген жұмыстарын жуып-шайып кетпесі үшін сол мәселеге қатысты мамандармен сұхбат жариялап, кездесулер өткізіп, ақпараттың өзекті екендігіне назар аудартып отыру спин-доктор жұмысын нәтижелі етеді.

Ал Г.Почепцов өзінің «Информационные войны» атты кітабында «спиннің» бес түрін көрсетеді:

  1. спин-алды – оқиғаның алдын алып (ақпараттық) дайындық жүргізу;
  2. спин-соңы – оқиғаның жағымды тұрғыдан қабылдануын қамтамасыз ету;
  3. спин-дауыл – көпшіліктің пікірін тез арада басқа жаққа бұру;
  4. дағдарысқа бақылау орнату – бақылаудан шығып бара жатқан жағдайды ырыққа көндіру бағытындағы жұмыс;
  5. шығынды азайту – шығынның алдын алу немесе азайту бағытындағы менеджмент

Ақпараттық деректер аса маңызды болса, ашық та, жасырын да өмір сүре береді. Әдетте қандай да бір даулы ақпараттың өзі де өз бетімен 10-шақты  күн ғана өмір сүреді екен. Бұл уақыт аралығында кимелеп тұрған басқа да ақпараттар тасқыны алдыңғының күшін азайтып, ақыр аяғында оны сүртіп тастайды да, жұртышылықтың назары әр жаққа бытырап кетеді. Ал даулы ақпарат белгілі бір уақытқа дейін белсенді болып тұру үшін  оған мүдделі топтың үнемі тамызық тастап отыруына тура келді. Спин-доктор осы кезде одан да белсендірек жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Спин-докторинг (spin-doctoring) - ақпаратгық кеңістікті басқару технологиясы, ақпараттық кеңістікті қайта кодтау және ақпараттық кеңістік арқылы әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени кеңістікке ену, сондай-ақ дағдарысты жағдайда ақпаратты қайта қалпына келтіру.

Ғаламдық деңгейде әлемнің бейнесін қалыптастыруға шешуші ықпал ететін ғаламдық БАҚ-ты пайдалану және дамыту. e-PR-технологияларын, яғни, интернeт-PR технологияларын пайдалану: веб-сайттар, антисайттар, электронды таратылымдар, жағымсыз ақпаратты Интернет арқылы тарату, БАҚ-та аты- жөні жоқ интернет-басылымға сілтеме жасап, жалған немесе жағымсыз ақпарат тарату және т.б.


Автор: Оңайгүл Тұржан

Бөлісу: