«Сөз естимін»: Үйінен шығып, қайтып оралмаған жасөспірім талдың түбінен табылды

12 Қаңтар, 20:05 4123

Түркістан облысы Отырар ауданында кешкі уақытта үйінен шығып кеткен 15 жасар бала қайтып оралмаған. Ата-анасы шарқ ұрып іздеген жасөспірім талдың түбінен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкесінің айтуынша, 15 жасар ұлы 11 қаңтарда сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн қарайғанша келмеген. Содан оның туыстары алдымен баланы өздігінен іздеуге кіріскен. Алайда нәтиже шықпаған соң полицияға хабарлаған.

Бір сағатқа созылған жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім үйінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан талдың түбінен табылды.

Оқи отырыңыз: 

Полицейлердің анықтауы бойынша 9 сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған. Осылайша түнгі уақыт болып қалған соң үйіне барса, кешіккені үшін ата-анасынан сөз естимін деп ойлапты. Содан талдың түбінде ұйықтаған.

Тәртіп сақшылары бала мен оның ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізген. Өз кезегінде ата-анасы полицейлерге ризашылықтарын білдірді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: