Сотталушы азамат Геннадий Головкиннің портретін салды

4 Сәуір 2023, 15:16 843

Қарағанды ​​облысы мен Ұлытау өңіріндегі қылмыстық-атқару жүйесінің №36 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірі әйгілі спортшы Геннадий Головкиннің портретін салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Геннадий Головкин қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің кумирі. Жаңалықтарда боксшы Геннадий Головкиннің белгісіз мерзімге бокстан кететіні туралы хабар пайда болды.

Ал бұл жаңалық сотталушыны бей-жай қалдырмады. Шағын қаладан және қарапайым отбасынан шыққан ол кәсіби спортпен айналысып, әлемдік атақ пен махаббатқа қол жеткізе алды. Ол жас ұрпаққа табандылық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп келеді.

– Головкин – менің сүйікті боксшым, өйткені ол қарсыластардан қорықпайды, жекпе-жектен қашпайды, сонымен қатар менің жерлесім. Мен өзім Майқұдықта туып өскенмін. Жас кезімде бокспен айналысқанмын. Сол себептен болар спорт маған өте жақын. Геннадий Головкиннің бокстан кеткені туралы хабарды естіп, қазақстандық бокстың аңызына өз жұмысыммен қолдау көрсетуді жөн көрдім, – дейді сотталған.

Сотталған портретті 2 сағатта толық салып бітірді.


EL.KZ
Бөлісу: