Сотталған әйелдердің колонияда балаларымен бірге болуға құқықтары бар

9 Наурыз 2023, 13:05 879

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ІІМ Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ІІМ Сенатта «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Сотталған әйелдердің колонияда балалармен бірге болуға құқықтары бар. Елімізде осындай бүлдіршін үйімен бір колония жабдықталған. Ол жерде әйелдер бос уақытында перзенттерін шектеусіз көре алады. Бірақ 3 жастан асқан соң олар туыстарына немесе балалар үйіне беріледі. Бұл жерде әлеуметтік байланысты сақтау мақсатында балаларды 4 жасқа дейін қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. Бірақ бір шарты бар. Олар сол уақытқа дейін жазадан босату мерзімі бір жылдан аз болуы керек», деді Марат Ахметжанов.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: