Сот Алматыда күзетшіні өлтірген экс-депутаттың ұлына 22 жыл жаза кесті

9 Сәуір, 22:41 500

Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген Асқар Тастандиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурор соттан айыпталуышыны 24 жыл тағайындауды сұрады. Ал жәбірленуші тарап оны өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтінген. Сотталушыға екі бап бойынша, “асқан қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру” және “жеке өмірге қол сұғу” баптарымен айып тағылған еді. Тергеу дерегі бойынша, экс-депутаттың ұлы танысының интимдік видеоларын таратып жіберген көрінеді. 

Нәтижесінде сот айыпталушыны 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған сот жабық түрде өтіп, үкім шығарылды. 

Іс бойынша күдікті Асқар Тастандиев болып отыр. Оның әкесі 1994-1995 жылдары Жоғарғы Кеңестің депутаты болған Саламғазы Тастандиев есімді тұлға. Оның әкесі бір кездері Талдықорған облысында прокурор болып жұмыс істеген екен. 

Журналист Михаил Козачковтың Асқар Тастандиев бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың курстасы екенін жазған болатын. 

Ал Аскар Тастандиевтің өзі кәсіптің басын ұстаған бизнесмен болған. Ажырасқан, екі баласы бар. Күдікті өз тұратын тұрғын үй кешенінің тұрғындарына да тыныштық бермегені белгілі болды. 

 
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: