Сот әкімшілігіндегі Мемлекеттік тілді дамыту бөліміне жаңа басшы келді

2 Наурыз 2023, 17:47 1063

Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінде Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі құрылды. Басты мақсат - сот жүйесіндегі қазақ тілін кеңінен қолдану шараларын қабылдау, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сот әкімшілігі басшысының өкімімен аталған бөлімге Айдос Садуақасов Қартаңбайұлы басшы болып тағайындалды.

Айдос Садуақасов – білікті журналист, саяси ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. 2010 жылы «Түркітілдес мемлекеттердің латын графикасына көшудегі саяси-лингвистикалық ұстанымдары: генезисі және эволюциясы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

Соңғы 9 жылда ол Жоғарғы Сот Аппаратында Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі басшысының орынбасары, Баспасөз қызметінің басшысы, жоғары сот органының ресми өкілі ретінде үздіксіз қызмет атқарды.

Айдос Садуақасовтың жетекшілік етуімен Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі соттардың қызметін жариялауға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға зор үлес қосты. Соттар халыққа заң нормалары мен резонансты істер бойынша сот актілерін түсіндірді.

EL.KZ
Бөлісу: