«Соңына дейін күресті»: Мұхтархан Ділдәбеков марқұм әйелі туралы айтты

9 Қазан 2023, 18:26 12775

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков марқұм әйелі туралы естелікті бөлісті. Бұл туралы былғары қолғап шебері «Алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.

Спортшының жары 10 жыл бұрын ауыр дерттен қайтыс болған. 

Алла сынды көтергенге береді екен. Алғашқы әйелім Жанармен тоғыз жыл бірге тұрдық. Ал Альбинамен өзі таныстырып, рұқсатын беріп үйлендірді. Альбинамен үйленгеннен кейін екі жылдан кейін қайтыс болды, - деді Ділдәбеков.

Сонымен қатар боксшы бұрынғы әйелі дертке шалдыққан сәттен бастап соңына дейін қасында болғанын айтты.

Дерт анықталған сәттен бастап соңғы демі шыққанша қасында болдым. Ешқайда барған жоқпын. Өзім таңдап алған жарым. Шын жақсы көрдім. Алла Тағаланың адамның маңдайына жазған ғұмыры болады ғой. Сол аралықта мақсаты, бәрі болған шығар. Тіпті қиын сәттің өзінде мені қиналып қалмасын деді. Жақсы жар бола білді. Өте күрескер еді. Соңына дейін күресті. Тек өмірден өтерден 15 күндей бұрын ғана күні жақындағанын сезді. Ал оған дейін күрестік, бірақ Алланың дегені болады екен, - деді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: