Соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған

30 Қараша 2023, 11:42 1770

Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов кішкентай балалардың терезеден жиі құлауына байланысты мәселені көтеріп, заң жобасымен терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптарымен қамтамасыз ету міндеттелетінін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өкінішке қарай, соңғы екі жылда жүздеген бала терезеден құлаған. Бізде әлеуметтік нысандармен, мектептер мен балабақшалармен қамтамасыз етіп алмай тұрып көпқабатты үйлерді салу проблемасы бар. Әсіресе мегаполистерде. Осының кесірінен жүмыс істеп тұрған мектеп үш ауысымға көшеді, балалардың денсаулығына қауіп төнеді. Ал енді мектеп салайын десе, жақын жерде бос жер де қалмайды. Осыған орай заң жобасына жаңа талап енгізілді, – деді депутат.

Енді мектеп, балабақша мен аурухананы салып алмай, көпқабатты тұрғын үйлерді салуға тыйым салынады.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: