Соңғы екі жылда мемлекетке 17 млрд теңге залал келді – Ұлан Сарқұлов

2 Қазан, 12:36 448

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов білім саласындағы жемқорлыққа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – қоғамдағы және білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі. Мысал келтірейін. Біздің агенттіктің басшысы мемлекет басшысына бұл туралы есеп берді. Біз бұл мәселе туралы ақпаратты бірнеше рет жарияладық. Барлық мемлекеттік органмен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 2 жылда, әсіресе 2022-2023 жылдары бұл саланы терең зерттей бастағанда, мемлекетке 17 млрд теңге залал келген. Бұл – қомақты қаржы. Біз агенттіктің әлеуметтік парақшасында және баспасөз қызметі арқылы Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас бухгалтер, бірқатар мектеп директоры 4 млрд теңгеден астам қаржы ұрлаған. Тіпті ұстау барысында көлікте шамамен 1 млрд теңге болған. Біз осыған ұқсас фактілерді өзге өңірлерде де анықтадық, - деді Сарқұлов.

Ұлан Сарқұлов салада цифрландыру деңгейі күшейтілетінін атап өтті.

Бұған басқа мемлекеттік органдар, басшылық назар аударып жатыр. Сондықтан біз бұған белсенді түрде назар аударып жатырмыз. Цифрлық даму министрлігі және басқа органдармен осы саясатты жүргіземіз. Адами фактор болмас үшін барлық процесс цифрландырылуы керек. Іс-қағазды жүргізгенде манипуляция болмауы керек. Қазіргі ақпараттық жүйелерде интеграция бар. Біз профильді министрлік және әкімдіктермен түрлі ақпараттық бағдарламалар мен ақпараттық жүйелерді енгізіп жатырмыз. Қазір біз осындай деректердің айтарлықтай төмендегенін байқап отырмыз, - деді ол.

Миражан Махан
Бөлісу: