Соңғы бір аптада азық-түлік бағасы қымбаттамады

16 Маусым 2023, 12:48 696

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада өзгеріссіз қалды,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, 13 маусымдағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың елдегі орташа бағасы: күріш – бір келісі үшін 431 теңге, макарон өнімі – келісі үшін 314 теңге, қырыққабат – келісі үшін 138 теңге.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

 

EL.KZ
Бөлісу: