Соңғы 3 жылда қалалар мен ауылдарда дәрігерлердің тапшылығы азайып келеді

17 Тамыз, 08:36 540

2023 - жылы мемлекеттік сектордағы дәрігерлердің тапшылығы 4800-ден астам штаттық бірлікті құрады, оның ішінде қалада - 3700, ауылдарда -1100. Бұл деректерді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев келтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Сондай-ақ біз дәрігерлердің тапшылығы азайып бара жатқанын көріп отырмыз. 2022 - жылмен салыстырғанда тапшылық 23% - ға, қалада 24% - ға, ауылда 21% - ға төмендеді. Егер бос лауазымдарды есептесек, онда біздің денсаулық сақтау жүйесінде шамамен 4800 орта медицина қызметкері жетіспейді, бұл 2022 - жылдың соңындағы көрсеткіштен 27 % - ға аз», - деді спикер.

Оның айтуынша, бүгінде ең көп сұранысқа ие медициналық мамандықтардың қатарына терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтер, акушер-гинекологтар кіреді. 

Денсаулық сақтау министрлігі резидентураның цифрлық платформасын әзірлеуге бастамашы болып, онда тұтастай алғанда медициналық кадрлардың тапшылығы мен қажеттілігін ескере отырып, оқуға түскен сәттен бастап медициналық ұйымдарға жіберуге дейінгі барлық үйлестіру процесі жүзеге асырылатын болады.

Зарина Арман
Бөлісу: