Солтүстік Қазақстандағы қауіпті көпірлер анықталды

17 Қыркүйек 2023, 11:51 470
"Қазсушаруашылығы" облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин,Петропавл және Сергеев гидротораптарындағы автожол көпірлер қауіпті деп танылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
Біз Петропавл гидроторабындағы көпірдегі қозғалысты ең болмағанда ауыр көліктер үшін жабуды бірнеше рет ұсындық. Біздің бұл ескертуімізді естігенше жергілікті атқарушы органдар ешқандай шара қолданбай отыр", - деп шағымданды Ибатуллин.
Ол ауыр жүк көліктерінің жүруі көпірдің онсыз да аянышты жағдайына кері әсерін тигізгенімен қатар, гидро торап кешенінің қызметкерлері үшін үлкен қауіп төндіретінін атап өтті: түсу кезіндегі күрт бұрылыс салдарынан бұл аумақта жиі апат болады.
90 градустық бұрылыс бар, ол жерден төмен түсу керек, сол кезде көліктердің тежегіштері істен шығады. Біздің қызметкерлер осындай қауіпті жағдайда жұмыс істейді. Бірақ біз ештеңе істей алмаймыз", - деп шағымданды Шұғайып Ибатуллин.
Айта кетейік, көпірдегі соңғы апат өткен жұмада болды: КамАЗ жүк көлігі темір қоршауға ұшып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ал алдыңғы жылдары мұнда бірден екі ірі апат тіркелді. 2017 жылдың ақпан айында 30 тоннадан астам жанар-жағармай тиелген бензин тасымалдайтын көлік апатқа ұшырады. Жанармай таситын көлік тайғақ жолда тас жолдан тайып, көпірдің бетон және металл қоршауын бұзып өтіп, судың үстіне ілініп қалған. Жүргізуші зардап шекпеді және кабинадан аман-есен шығып үлгерді. Көлікті шығарып алып, жанармай өзенге төгілмеуі үшін құтқару операциясына қатысушылар жанармайды басқа цистерналарға құюға мәжбүр болды.
 
 
Асқар Таудай
Бөлісу: