Петропавлда ҰЭМ басшысы 480 төсектік көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоба 2020 жылы іске асырыла басталды, бірақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты екі жылдан кейін тоқтатылды.
МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) шеңберінде аурухананың жобалық құны 144 млрд. теңгені құрады. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету қажет. Жыл соңына дейін мемлекеттік сараптама алу жоспарлануда. Бүгінгі таңда жұмыстың жартысы орындалды.
Сондай-ақ, Қызылжар ауданының Чапаево ауылында министр ірі қара өсірумен және сүт өндірумен айналысатын "Қызылжар Сүт" ЖШС-те болды. Өткен жылы 366 млн. теңгеге субсидия бөлінді. Ферма 60 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
Сүт-тауар кешені:
1 410 бас ірі қараға есептелген
қуаты - жылына 6 мың тонна дайын өнім
жобаның жалпы құны - 3,7 млрд. теңге
Мемлекеттік қолдау:
2021 жылы - 262 млн. теңге
2022 жылы - 431 млн. теңге
Сонымен қатар, министр Аққайың ауданы Аралағаш ауылында қуаттылығы жылына 10 мың тонна құс етін өндіретін "Солтүстік бройлер" құс фабрикасының жұмысымен танысты. Өңір үшін маңызды жобаға 7,4 млрд. теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын ең заманауи жабдықтармен жабдықталған және толықтай автоматтандырылған.
Бұл ауылдық округтегі 170-ке жуық адамды, негізінен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ететін алғашқы ірі инвестициялық жоба.
Жұмыс сапарының соңында Ә.Қуантыров Аралағаш ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол министрлік бағдарламалары аясында ауылдық елді мекендерге қандай қолдау көрсетілетінін айтты. Оның сөзінше, ірі өндірістік кәсіпорындардың ашылуы өңірдің дамуына жаңа серпін береді.