2025 жылғы 13 сәуір сағат 12:00-де Солтүстік Қазақстан облысында "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ 2025 жылғы 13 сәуір сағат 12:00-де Қостанай облысында "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығындағы учаскесі (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады