Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ерлері

4 Қыркүйек 2014, 05:36

Хабло Иван Константинович (1932 жылы, Ресей, Новосибирск облысы Кочков ауданы Решеты селосы) – Социалистік Еңбек Ері (1967).

Хабло Иван Константинович (1932 жылы, Ресей, Новосибирск облысы Кочков ауданы  Решеты  селосы)  – Социалистік Еңбек Ері  (1967).  Алғашқы  тың  игерушілердің  қатарында Солтүстік Қазақстан облысына келіп, Қызылту (қазіргі Уәлиханов) ауданының Бидайық ауылында комбайншы, тракторшы болып жұмыс істеген. Ленин орденімен және ме­ дальдармен   марапатталған.

Чижевский Петр Иванович 1928 жылы Житомир облысындағы Яран ауданының Малый Торбаш селосында туды. 1954 жылдан Солтүстік Қазақстан облысындағы Октябрь ауданының «Москварецкий» кеңшарында бастапқыда тіркеуші, кейін тракторист және трактор бригадасының бригадирі болып істеген.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Петр Иванович Чижевскийге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Шайкин Есім Шәйкенұлы (1926 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Үлгі ауылы – 2002 жылы, Благовещенка) – Социалистік Еңбек Ері (1976). Еңбек жолын 1943 жылы туған аулында қоймашы болып бастаған, кейін   сол   ауданның   Тегісшіл   ауылында   есепші   болып жұмыс істеген. 1944 жылы Кеңес Әскері қатарына алынып, Берлинді алуға қатысады. 1950 жылы  Новорыбин май зауытының директоры, 1952 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1955 жылы Преснов аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1962 жылы Республика  совхоз  басшыларын  даярлайтын  мектебін  бітіріп, «Заградов», «Тораңғыл» кеңшарларының директоры, Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы, Мәскеу, Сергеев аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы, 1985 жылы облыстық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл ауданы «Киров» кеңшарының директоры, Благовещенка селолық округiнiң әкiмi қызметтерін атқарған. Ордендермен және медальдармен марапатталған. Сергеев қаласының Құрметті азаматы.

Шварц Христиан Готфридович 1912 жылы туды. 1934 жылдан бастап тракторист және комбайнер болып істеді. 1965 жылдан Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл  ауданындағы ХХІІ партсъезд атындағы ұжымшарда машина­трактор шеберханасының меңгерушісі болып істеген.

1952 жылы 21 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Христиан Готфридович Шварцқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1956 жылы ол екінші рет Ленин орденімен марапатталды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Энгель Антон Иосифович 1929 жылы Саратов облысындағы Первомай ауданының Воскресенка селосында туды. 1954 жылы комбайнерлер курсын бітіргеннен кейін Солтүстік Қазақстан облысының Коновалов МТС­де комбайнер­механик болып істеді. 1962 жылдан Краснокут ауданының Карл Маркс атындағы кеңшарда бас инженер қызметін атқарды.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Антон Иосифович Энгельге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: