Солтүстік Қазақстан облысы туралы жалпы мәлімет

3 Қыркүйек 2014, 12:55

Облыстың жалпы сипаттамасы: Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) 1936 жылы құрылған. СҚО­ның қазіргі шекарасы 1999 жылғы 8 сәуірде белгіленген.

Облыстың жалпы сипаттамасы: Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) 1936 жылы құрылған. СҚО­ның қазіргі шекарасы 1999 жылғы 8 сәуірде белгіленген.

Аумағы: 97,99 мың шаршы км, республика аумағының 3,6 пайызын құрайды. Облыс Қазақстанның қиыр солтүстігінде орналасқан. Өңір аумағы Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шектеседі.

Халқы: тұрғындар саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 589,3 мың адамды құрады немесе республика халқының 3,6 пайызына тең.

Қала халқының саны 238,8 мың адам немесе 40,5 пайыз, ауылда тұратындар 350,5 мың адам немесе 59,5 пайыз.

Облыс орталығы: 1752 жылы іргесі қаланған Петропавл қаласы. Халқының саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 203,6 мың адамды құрады.

Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлінісі: ауылдық аудандар – 13; облыстық бағыныстағы қалалар – 1; аудандық бағыныстағы қалалар – 4; ауылдық округтер – 208.

Агроөнеркәсіп кешені облыс экономикасының аса маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның үлесіне жалпы өңірлік өнімнің 30 пайызға жуығы тиеді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ұқсатушы өнеркәсіп ең үлкен көлемге ие – 72,0 пайыз және электрмен жабдықтау, газ, бу беру мен ауаны қалыпқа келтіру – 22,7 пайыз. Өнеркәсіпте негізгі капиталға құйылған инвестиция 2010 жылы 6252, 8 млн. теңгені құрады (2011 жылғы қаңтар­тамыз –6148,4 млн. теңге).

2010 жылы өнеркәсіпте 28 жаңа өндіріс іске қосылды. Бүгінгі таңда өңірдің машина жасау саласында негізгі үш бағыт қалыптасты: мұнай­газдық, көліктік және ауылшаруашылықтық.

Қызылжар өңірі, шын мәнінде де, Қазақстанның басты астықты өлкесі саналады. Біздің диқандар еліміздің астығының үштен бірін өндіреді. 2009 жылы бұрын­соңды болмаған өнім алынды, қоймаларға 9 млн. тоннаға жуық солтүстікқазақстандық астық құйылды.

Агроөнеркәсіп кешені – экономиканың ең маңызды секторларының бірі, оның үлесіне облыс экономикасы құрылымындағы жалпы өңірлік өнімнің 30 пайыздайы тиеді. Саланың қазіргі жағдайы мен нақты даму қарқыны – азық­түлік қауіпсіздігінің кепілі және ішкі азық­түлік нарығының негізгі факторы болып қалып отыр.

Облыста ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен 669 ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 3284 шаруа қожалығы айналысады.

Құнарлы  жердің  молдығы  екі  түбегейлі  бағыт­бәсекеге қабілетті, азық­түліктік бидай өндірісін кеңейту және етті­сүтті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын өркендету бойынша облысты дамытудың басым бағыттарын айқындады.

Облыста өндірілетін картоп пен көкөніс есебінен облыстың ішкі қажеттілігі толығымен қамтамасыз етіледі.

Саланың экспорттық әлеуетінің тұрақты өсімі байқалады. Астық өңірі экспорттық айқындама болып қала береді. 2010 жылы оның экспорты 1,5 млн. тоннаға жуықтады.

Аграрлық сектордың серпінді дамуының басым бағыттарының бірі техникалық жарақтану болып табылады. Бес жылдың ішінде 6,5 мың данадан астам заманауи техника сатып алынды.

Мал басының орташа жылдық өсу қарқыны 2­ден 5 пайызға дейінгіні құрайды. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінде де осындай серпін байқалады.

 «Болашақтың кешені», ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Зенченко және К» КС­нің 800 басқа арналған осы заманғы сүт кешенін осылай деп атады. Бұл шаруашылықта қол еңбегін барынша азайтуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар қолданылады. «Баско» ЖШС­нің 50 мың басқа арналған шошқа кешені, «Петропавл бройлер фабрикасы» ЖШС нәтижелі жұмыс істеуде, «Тайынша­Астық» ЖШС­де 1000 басқа арналған сүт кешенінің бірінші кезегінің құрылысы аяқталды.

Облыста 2011­2015 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда, соған орай 10000 бас малға арналған бордақылау алаңын, 4000 басқа арналған репродуктор­шаруашылықтар және 12100 басқа арналған фермерлік шаруашылықтар құру қарастырылған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: