Солтүстік Қазақстандықтар Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығын атап өтті

26 Маусым 2018, 12:08 2322

Солтүстік Қазақстан облысы өңірімізді ғасырларға танымал еткен ұлы тұлғаларын мақтан тұтады. Солардың бірегейі Мағжан Жұмабаев. Ол ұлы қазақ жазушысы, публицист, ұстаз, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.

1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев атындағы ауданның Сарытомар ауылында дүниеге келген. Бүкіл өмірін шығармашылыққа және қазақша жазу мен әдебиетіне арнады. Сонымен қатар қазақ ұлтының  нағыз отансүйгіштерін тәрбиелеуді армандаған қоғамдық қайраткер ретінде танымал. Бірақ қазақ халқының ұлы баласы, қайғылы тағдырымен отандастарының мәңгілік жадында сақталады.

23 маусымда Петропавл қаласында салтанатты түрде Мағжан Жұмабаевқа арналған ескерткіш ашылып, гүл шоқтары қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың басшылығымен Мағжан Жұмабаевтың туған  ауылына барды. Сарытомар ауылында үлкен мереке болды. Концерттік бағдарлама, қолданбалы қолөнер және облыс аудандарының қол жеткізген жетістіктерінің көрмелері өтті. Сонымен қатар қазақша күрестен, ұшқыр бәйгеден және басқа да жарыс түрлерінен ойындар ұйымдастырылды. Балалар үшін ойын алаңдары әзірленіп, әткеншектер орнатылды, қызықты конкурстар ойнатылды.

Іс-шараға қатысқандардың барлығына киіз үйлерді аралауға мүмкіндік берілді, олар онда шығармашылық ұжымдардың өнерлеріне тәнті болып, қолөнер шеберлерінің бұйымдарын, көрмелерді және театраландырылған қойылымдарды тамашалады.

Бөлісу: