Солтүстік Қазақстанда отыздан астам қой қырылып қалды

22 Қыркүйек 2022, 14:19 2605

Түлік улы химикаттардан уланған

Солтүстік Қазақстан облысындағы Кривощеков елді мекенінде 34 қой қырылып қалды, деп хабарлайды El.kz

Әлеуметтік желіде әр жерде теңкиіп-теңкиіп жатқан қойдың өлекселері түсірілген видео тарады. 

Арам өлген малды ер адамдар ауыл шетінен жинап, көзін жою үшін техникаға артты. Оқиға Шал ақын ауданы Кривощеков, халық арасында Заря деп аталып кеткен елді мекенде болған. Жергілікті шаруашылықтың аумағына кіріп кеткен қой төгіліп жатқан улы химикаттарды ішіп қойған.

Бөлісу: