Солтүстік Қазақстанда мемлекеттік гранттарды ресімдеумен айналысқан қызметкер ұсталды

17 Қазан 2022, 15:31 1059

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманына қатысты қылмыстық істі тіркеді, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бизнес-идеяларды іске асыруға арналған "Еңбек 2017-2021" мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарды ресімдеумен айналысты. Тергеу барысында бағдарламаға қатысушылар бөлінген ақшалай қаражатты алмағаны және қылмыс жасауға қатысы бар адамдардың жеке мақсаттары үшін пайдаланбағаны анықталды. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Cот күдіктіге қатысты 2 айға дейінгі мерзімге «үйқамақ» бұлтартпау шарасын қолданды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу: