Жазатайым оқиға Рудныйдағы «Соколовская» шахтасында болған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
280 метр деңгейде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған, - делінген мәлімдемеде.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.