Соғыс жырлары: Ана мен ескерткіш

8 Мамыр 2018, 16:48 9983

Соғыс жылдарындағы жырлар

Бұл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай Жастар театры, Qazaq radiolary және El.kz ұжымдарының бірлескен жобасы. Отаны үшін жанын садаға еткен батыр аталарымызға, соғыстың ащы дәмін сезген, оқ пен терде қабырғасы қайыспай, қайраттылық көрсеткен аға буынға тағзым етеміз. Сұрапыл жылдардың поэзиясын жеткізген Жастар театрының артистеріне, дыбысты жазып, әрлеген Qazaq  radiolary ұжымына алғысымызды білдіреміз. 

Жүсіп Қадыров «Ана мен ескерткіш». Өлеңді оқыған: Нұрлыбек Тұрлыбек

Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында қарапайым шаруалар отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Майданға аттануға көп ұмтылған оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін Нұркен 267-әуе дивизиясының 808-шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Нұркен Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны атып, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын талқандады. 1942 жылдың 19 желтоқсанында ержүрек батыр өзінің серігі, атқыш әрі байланысшы Саша Комиссаровпен бірге соғыс аспанына соңғы рет самғап шықты. Боков - Пономорев станциясы маңайында олар тас құрсанған жаудың үлкен алты танкісін, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының екі қондырғысын жойып жіберді. Жау оғы самолетке дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды. Осылайша құлдилай құлаған самолет ішіндегі Нұркен мен оның қандыкөйлек серігі Александр Комиссаров екеуі ақырғы рет қаншама жауды қырып, өздерімен бірге ала кетті. Осы ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылдың 31 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сарыарқа сұңқары осылай мерт болды.

Мәтін авторы: Еркебұлан Қайрахан.

Мәтін Massaget.kz сайтынан алынды. 

Жобаның өзге де жырлары:

Фариза Оңғарсынова «Әке туралы ой»

Өлеңді оқыған: Кенжегүл Жорабаева

Сырбай Мәуленов «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Өлеңді оқыған: Ғазиза Әшімова

Мұхтар Шаханов «Ғайша»

Өлеңді оқыған: Нұрбек Әлібек

Муса Джалиль «Варварство»

Стихи читает: Диана Смагулова

Бөлісу: