Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді.
Рион Симиоши (Жапония) - 204.29 ұпай
Моне Чиба (Жапония) - 203.85 ұпай
Софья Самоделкина (Қазақстан- 190.96 ұпай
Бұл мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.
Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.