10 Маусым 2014, 03:47
Демек, 2022 жылқы Ақ Олимпиаданы өткізуге лайықты қалалардың қатарында Алматы мен Пекин қалып отыр. Украина еліндегі саяси тұрақсыздыққа байланысты Львов үміткерлер қатарындағы аутсайдер қала атанатыны анық. ХОК осының барлығын жіті қадағалап, қателік жібермеуге тырысады. Демек, ендігі кезек Пекин мен Алматыда. Пекиннің 2008 жылғы Жазғы Олимпиаданы өткізгенін ескерсек, Алматының үлкен жарысты өткізуге деген мүмкіндігі жоғары. Өйткені, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына арналып салынған инфоқұрылым әлі өз миссиясын атқарған жоқ. Қазір Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, таудағы трамплин кешенінде тек концерттер мен шоу бағдарламалар ғана жүріп жатыр. Әу бастағы жоспар басқаша болатын. Бірақ 2011 жылдан кейін Алматыда тұғырдан секіруден Әлем чемпионаты түгіл Әлем кубогының кезеңдік жарысы да болмады. Медеу мен Шымбұлақты, Талғардағы биатлон кешенін айтпасақ та болады. Енді осының барлығын не үшін пайдаланбасқа?! ХОК бәрібір де Алматының кандидатурасына екіжақты қарайды, себебі 2018 жылы Пченчхан, 2020 жылы Токио үміттеніп отыр. Қатарынан үш Олимпиаданы Азия жерінде өткізуге мүдделі емес. Меніңше барлық мәселе шешіліп, Осло қаласын таңдауы әбден мүмкін.
Ендігі ретте жақында ғана Ресейдің Сочи қаласында өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарына тоқталайық. Шынын айту керек, Ресей бұл Олимпиада ойындарына үлкен жауапкершілікпен қарады. Сочидегі барлық нысан жаңадан салынып, бұрынғы егістік алаңдарының орнына зәулім ғимараттар, спорт нысандары бой түзеді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бас-аяғы 44 млрд. АҚШ долларын құраған. Енді осы бір қаржының қайда жұмсалғандығын таратып айтар болсақ.
Ең біріншіден, жалпы Олимпиадаға арналған қаржының біршама бөлігі спорт нысандарын салуға кетті. Нақтырақ 6,3 млрд. АҚШ доллары жұмсалды. 2007 жылдарға дейін Олимпиадалық қалашықтың орнында егістік болған. Қара теңіз жағалауындағы егістік бірнеше жылдың ішінде Олимпиада қалашығына айналды.
8 мың адамға арналған конькимен жүгіретін «Адлер-Аренаға» 217 млн. АҚШ долларын құрады. Олимпиададан кейін бұл кешендер көрме ретінде пайдаланылады.
12 мың адамға арналған «Моспроекта-4» спорт сарайына 300 млн. АҚШ доллары жұмсалды.
Міне, дәл осындай спорт нысандары мен қонақүйлер салуға қаражат аз жұмсалған жоқ. Олимпиада ойындарын өткізудегі басты мәселе спорттық нысандар мен қонақүйлер екендігі анық.