Сметов Олимпиаданың финалында күреседі

27 Шілде, 20:39 469

Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасындағы 60 келі салмақта белдесіп жатқан қазақстандық дзюдошы жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы испаниялық Франсиско Гарригосты жеңді.

Осылайша, Сметов карьерасында екінші рет финалға шықты. Бұған дейін Елдос 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалда күресіп, күміс жүлдегер атанған.

Перизат Саденова
Бөлісу: