Смайылов: Биыл 1 трлн теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

19 Сәуір 2023, 10:39 573

2023 жылы индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, 18,3 трлн теңге көлемінде негізгі капиталға инвестиция тарту міндеті тұр.

Жалпы құны 28,1 трлн теңгеге 873 жобадан тұратын инвестициялық пул пысықталуда. Смайылов релокациялау шеңберінде 24 компания Қазақстанға көшіп, тағы 43 компания бойынша жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Индустрия саласында биыл 1 трлн теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының есебінен 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, - деп атап өтті премьер-министр.

EL.KZ
Бөлісу: