Смайылов «АрселорМиттал Теміртау» мәселелері бойынша кеңес өткізді

26 Шілде 2023, 13:10 883

Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экологиялық аудит жүргізу барысы талқыланды, деп хабарлады Еl.kz ақпарат агенттігі.

Сәрсенбі, 26 шілдеде, премьер-министр Әлихан Смайылов бірқатар министрлік басшыларының, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, ҰҚК өкілдерінің қатысуымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Оқи отырыңыз:

Кеңес барысында кәсіпорынға экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік аудит жүргізу барысы туралы ақпарат берілді.

Бұл жұмыс халықаралық консультанттардың қатысуымен жүргізіліп жатқаны мәлім.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: