Словения қақпасына жалғыз голды салған футболшы марапатталды

22 Қараша 2023, 13:46 964

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Еуро-2024 іріктеу аясында Словенияға қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оразов алаңда кездесудің соңына дейін ойнап, қазақстандықтар сапындағы жалғыз голдың авторы атанды. Рамазанның марапат алған суретін Қазақстан футбол федерациясы Instagram-да жариялады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке тікелей жолдама ала алмады. Магомед Адиев шәкірттері шешуші ойында Словениядан ұтылды – 2:1.

Енді құрамамыз жолдамаға наурызда өтетін Ұлттар лигасы арқылы таласады. Қарсыласымыз – Грекия құрамасы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: