Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін мәлімдеді

19 Қыркүйек 2023, 01:30 581

Словения Президенті Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым мүмкіндік бар. Біздің елдеріміз арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Мен де Сізді елімізге арнайы сапармен келуге шақырамын, - деді Наташа Пирц-Мусар.

Тараптар халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасты. Атап айтқанда, әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, БҰҰ құрылымын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Орталық Азия мен Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер халықаралық құрылымдар аясында өзара тығыз қарым-қатынас жасау жөнінде уағдаласты. 

Берік Арманов
Бөлісу: