14 Қараша 2014, 11:27
Кремний алқабы Тесла мен робот көліктерін өздеріне қалдыра берсе болады.
Қазан айында Австрияның астанасы Вена қаласында өткен «Пионерлер Фестивалінде» Словакиялық АэроМобиль компаниясы өзінің жаңа туындысы – ұшатын автокөлікті жұртшылыққа таныстырды. АэроМобиль 3.0 көлігі компанияның 25 жылдан бері дайындалып келген еңбегі екен. Компанияның атқарушы директоры Юрай Вацуликтің айтуынша, жеке транспорт индустриясы қатты өзгеріске ұшырамақшы. «Менің ойымша, жеке транспорт индустриясын дербес және әсерлі қылып өзгертетін уақыт келді.» -дейді АэроМобиль президенті.
Автокөлік Словакияның «Көркемдеу өнері академиясы»-ның транспорт дизайны бөлімінің құрушысы және басшысы - Стефан Клайнмен жасалған.
2010 жылы Стефан Клайн мен Юрай Вацуликпен кездесіп, АэроМобиль компаниясына қосылып, біріге жұмыс атқаруға кіріседі. 2013 жылы АэроМобильдің бұған дейінгі нұсқасы Словакия авиация басқарушыларынан сол елдің аймағында ұшуға сертификат алған болатын. Кезек АэроМобильдің 3.0 нұсқасына да келді. Компания өкілдерінің айтуынша, көлік жақын арада Словакияда ұшуға сертификатын алады.
АэроМобильдің ұшуына көп жер керек емес. Ал оған жанармай құюға кез келген автокөліктерге арналған жанармай бекеттеріне барсаңыз болады. Бастысы, көліктің қанаттарын жинап қоюды ұмытып кетпесеңіз болғаны.
АэроМобильдің сыртқы корпусы жеңіл, бірақ өте төзімді материалдан жасалған. Ал ішкі жүйесіне автопилот пен тереңдетілген парашют шығару жүйесі енгізілген. Көлік кабинасы 2 адамды көтере алады. Ұшқандағы максималды жылдамдығы сағатына 200 км. Қанатының ұзындығы 6 метрден сәл асады екен.
Вацулик пен Клайн мырзалардың мақсаты – АэроМобилдің жаңа нұсқасын қолданып, компанияның маркетинг саласын бір жолға қою. Қазіргі күні бұл көлікті алғысы келетін жекелеген адамдар жетерлік. Алайда, АэроМобильді жаппай өндіруге әзір ерте. Болашақта, компанияның негізгі мақсаты – ұшатын көлікті дамыған емес, керісінше дамушы нарықтарға кіргізу, яғни, егер тас жол, аэропорт, трасса сияқты инфраструктураның аз болуы компанияға жақсы. Бұндай қызық шешімнің негізгі себебі, АэроМобиль басқа жүретін, ұшатын көлік түрлеріне кедергі келтіруі мүмкін, және оның қолданысына мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат алу қиынға түсуі мүмкін. Екінші себеп, жолсыз, ұшақ ұшпайтын елді-мекендер үшін бұл көлік, таптырмас құрал екендігі.
Әзірлеген: Нұрғазы Абжанов.