Қай жаста қандай тексерулер өткізіледі?
- қан айналымы жүйесі ауруларын және қант диабетін ерте анықтау үшін әрбір екі жыл сайын 40-62 жастағы ерлер мен әйелдер тексеріледі;
- глаукоманы ерте анықтау үшін әрбір екі жыл сайын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдерді тексереді;
- сүт безінің ісік алды және ісік алды ауруларын ерте анықтау үшін әрбір екі жыл сайын 40-70 жастағы әйелдерді тексереді;
- әр 4 жыл сайын 30-70 жас аралығындағы әйелдерді қатерлі ісік алды аурулары мен жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін тексереді;
- тоқ және тік ішектің ісікалды және ісік ауруларын ерте анықтау үшін әрбір 2 жыл сайын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер тексеріледі.
Скрининг қаралатын ауру бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын адамдар үшін жүргізіледі.
Сондай-ақ, профилактикалық тексеру қан аурулары, гемодиализдегі қатерлі ісіктері бар, анамнезінде операциялық араласулар, қан мен оның компоненттерін құюдан өткен адамдардың созылмалы В және С гепатитін ерте анықтауға жүргізіледі.